6-12 маусым күндері Қырғызстан республикасы Шолпан-ата қаласында қол күресінен өткен (армрестлинг) XVIII Азия чемпионатына Қазақстан құрама командасының сапында жерлестеріміз қатысып, олжалы оралды. Чемпионатқа жалпы 14 елден келген 1000-ға жуық спортшы қатысқан.. Аталған Азия чемпионатына Батыс Қазақстан облысынан 15 спортшы барған болса, соның екеуі қаратөбелік спортшылар. Байрақты бәсекеге тыңғылықты дайындықпен барған жерлес спортшылар үздік нәтижеге қол жеткізді. 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Ержан Ерболат қарсыластарынан оқ бойы оза шығып І орынды жеңіп алып, алтын медаль иеленді. Ал, 1998-2000 жылы туылған жастар арасында +90 келі салмақ дәрежесінде Фархат Қалиев жүлделі ІІІ орынға ие болып, қола медальға қол жеткізді. – Жарыс жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Он төрт елдің мықтылары жиналған додада шәкірттерім жақсы күресе білді. Қарсыластары да осал болмады. Шәкірттерім алда талай белестерді бағындыратынына сенемін, - дейді құрыш білектілердің жаттықтырушысы