Пробация қызметі деген не? – бұл сұрақ адамдар арасында жиі естілуде.

Бұл қызметтің мақсаты шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік – құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдымысының негізгі бағыттарының бірі – істі болған адамдарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация қызметі осы бағытқа сай келеді. Жалпы пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді. Яғни сынау негізгісі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түзету мекемесіне отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сотпен берген шарттардын барлығын орындау керек. Пробация қызметінің басты міндеттерінің бірі сотталғандарды қайта әлеуметтендіру болып келеді.

«Пробация туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқада заңдарына сүйене отырып атқарылуда. ҚР Қылмыстық Кодексінің 40-бабында көрсетілгендей, сотталғандарды бас бостандығынан айырмай жазалаудың түрлері көп. Атап айтқанда - қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары түріндегі жаза, бас бостандығынан шектеу жазасы, шартты түрде сынақ мерзіміне соттау, сотталған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру, белгілі бір қызмет немесе арнайы лауазымынан айыру жазаларын орындауды қазіргі таңда «пробация қызметі» жүзеге асырады.

2012 жылғы 15 ақпанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында және қылмыстық-атқару жүйесіндегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында құрылған болатын. Еліміздегі «түрме халқы» санын азайту өзекті мәселелердің бірі. «Түрме халқы» деңгейінің жоғары болуы, бүгінгі таңда көптеген мемлекеттерге әлемдік рейтингте кері әсерін тигізіп отырған мәселелердің қатарында. Бұл жағдай біздің елімізде де көрініс тауып отырғандығы жасырын емес. Бәріңізге белгілі, бүгінгі таңда  Қазақстанның қылмыстық саясаты әлемдегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесін есепке ала отырып, еліміздегі бірқатар қылмыстық жазаларды ізгілендіру, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың ауқымын кеңейтуге бағытталған.

Соның бірі – пробация қызметі. Жалпы пробация қызметінің түпкі мақсаты – жазаға тартылған адамның қателігін, мінін бетіне басу емес, орын алған қылмыстың  себеп  салдарын зерттеп, мүмкіндігінше сотталушының қайталап қылмыс жасамауы үшін оның әлеуметтік жағдайын жақсартуға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету болып келеді.

 

 

Қаратөбе аудандық пробация қызметінің

аға инспекторы

әділет капитаны

Н.А Искарин