Бүгін VI шақырылымдағы Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясы өтті.

Сессия жүмысына аудан әкімі Жанат Асантаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Сессия отырысында «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №25-3 2019-2021 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгеріс енгізу туралы» және «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №24-4 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтің хабарламасы тыңдалды.

Хабарламашы Берік Базарұлы Қаратөбе ауылдық округі бюджетінің кіріс бөлігін 190 407 мың теңге, Сулыкөл ауылдық округі бюджетінің кіріс бөлігін 55 798 мың теңге көлемінде нақтылауды ұсынды. Сонымен қатар, аудан бойынша 2019 жылғы республикалық және облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерге тоқталды. Отырыста ұсынылған мәселелер халық қалаулылары тарапынан қолдау тапты.

Сессия жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Жанат Асылханұлы алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауға шақырды.