Қай  кезеңде  болмасын, өсімдік  зиянкестері, соның  ішінде  шегіртке  мәселесі  күн  тәртібінен  түспейтін  мәселелердің  бірі. Дернәсілдердің  2 жастан  асқан  кезеңінде  күн  ысымай тұрып, таңғы  4.30 да басталып, таңғы  7.00 –де  аяқталып  және  кешкі  салқынмен  улау  әдісі  21.00 басталып, 23.30  аяқталып  жылма-жыл  осы  тәсіл  әркез  қолданылып  келеді .

 

Биыл  итальяндық  прус шегірткелерінің  дернәсілдері зертханада 25-ші  сәуір  күні  түгел  жанданды, далада 27-ші  күні  жаппай шықты. Бұрын  шегірткені  құртқанда  қоныстанған  ошақтарына  қолына  жалау  ұстаған  сигнальчиктер  арқылы  улайтын. Қазір  мамандар  шегірткенің  дернәсілдерін  тауып, көлемін  анықтап, жпс-пен  кулиганың  төрт  бұрышының спутниктен  алған  координаталарын  толық  бергеннен  кейін, топырақтағы  күбіршіктің  барлығы  толық  тірілгенін  қазып  есептеген  соң, химиялық  өңдеу  шараларын  бастайды. Тендерді  ұтып  алған  жеңімпаз  мердігер  шегіртке  қоныстанған  жерді  өңдеуге  кірісті. Қазір  Қоскөл  а/о-де  «Агролюкс»ЖШС-нің  1 дана  газогенераторлы  техникасы  жұмысын  01-ші маусымнан  бастады. Қазір  Аққозы  а/о-де  «АгроСЛА» ЖШС-нің  2 дана  жеңіл  ұшағы(дельталеттері)  химиялық  өңдеу  жұмысын  аяқтап,Саралжын  а/о-не  ауысты.Қатты  жел  болмаса  жұмысын  ойдағыдай  аяқтайтынын  айтады  қос  ұшқыштар.

 

Қазіргі  таңда  бүгінге  дейін  ауданға   пестицидтің  екі  түрі  қоймаға   түсті.

1.Даклоприд, 20  99 дана 20 л ыдыста,1980 литр 33000 гектарға.

2.Комбат, 79 дана 20 л ыдыста, 1567,5 литр,10450 гектарға.

3.Диурон, 22 дана 10 л ыдыста,220 литр,11000 гектарға.

Барлығы : 3767,5 литр 54450 гектарға  жетеді.

Ауданда  пестицидтің  екі  түрі  қолданылып  жатыр: 

1-ші  түрі (Кишечный, хитин  синтезінің  ингибиторлары) Уланған  шөпті  шегіртке  жегеннен  кейін 2-3 тәуліктен  кейін дернәсілдер  тамақтануын  тоқтатып  7-14  күн  ішінде  ас  қорыту  мүшесі  зақымданып аяғы, қанаты  түсіп  100-200 метр  жылжып  барып  жолшыбай  өледі. Осы кишечный   пестицидтерді  қолданғанда  көбіне  халық  дұрыс  түсінбей  паника  көтеріп, байбалаң  салып  шегіртке  өлмей  жатыр, су  шашып  жүрсіңдер  деген  әңгіме  айтылады.Бұл  пестицидпен  бір  өңдегенде  дернәсілдің  бірнеше  толқыны  бағынады, жаңбыр  жаумаса  25  күнге  дейін  шөпте  пестицидтің  күші  жойылмайды.Бұл  пестицидтің  қоршаған  ортаға, малға,  пайдалы  насекомдарға (көбелекпен,бал  арасына) зияны  жоқ.

2-ші түрі.(Контактно-кишечный болып әрекет етеді, синтетикалық  пиретройдтар) Бұл  пестицид  жанасу  арқылы  жоғары  жылдамдықпен, ұзақ  емес  улы   әсермен  тұтас  өңдеу  үшін  қолданылады, шегірткенің  орталық  нерф  жүйесін  істен  шығарады. Шегірткелер 3 күнге  дейін  өледі, бірақ  қоршаған  ортаға  зияны  бар. Аудан  бойынша  шегіркенің  үш  түрі  кездеседі - итальяндық  прус (қызыл   қанат), екіншісі – азиялық  шегіртке (көк  қасқа ) үшіншісі - үйірсіз  саяқ  шегіртке. Үш  зиянкесті  де  тиісті  мекемелер  тарапынан  бақылауға  ұстап, жылма - жыл  біздің  ауданда  уақытында  химиялық  жолмен  құртылып  келеді.