Көпшілікке белгілі үстіміздегі жылдың 19 наурызында ел тарихында маңызды оқиға болып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жоғары ел басшылығын тапсырды. 9 маусымда өтетін кезектен тыс сайлауға «Нұр Отан» партиясы атынан Қ.Тоқаев түспек. Аталмыш форумда партия мүшелері бірауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидаттығын қолдайтындықтарын білдірді. 

Форумда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов:

– Қазіргі таңда республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде кандидатты қолдау штабтары құрылып, жұмыс жасауда. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанынан да құрамында 20 мүшесі бар аудандық штаб, соныман қатар 31 сенім білдірген өкілдер кандидатты қолдау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып, жүрізуде. Үгіт-насихат жұмыстары сайлау заңының талаптарына сай 11мамыр күні басталды. Қазіргі таңда кандидаттың 381 дана үгіт парақшалары барлық елді мекендерге таратылып, сенім білдірген өкілдер белгіленген кесте бойынша еңбек ұжымдарында болып, сайлаушылармен 39 кездесу өткізді, - деп атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Форумда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі, аудандық қоғамдық штабының мүшесі, партия ардагері Еркінбек Жәнібеков пен жастар атынан партия мүшесі Бекайдар Ақташев сөз сөйлеп, халықты дауыс беруге шақырды.

«Нұр Отандықтар» бас қосқан жиында аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары патриоттық бағыттағы әндерді шырқады.