Аталмаш біріншілікке он командадан 150 тарта спортшы қатысқан болатын.

Салтанатты шараға аудан әкімі Жанат Асантаев қатысып, сөз сөйледі. Шарада үздік деп танылған ойыншыларға арнайы естеліктер мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Аталмыш біріншілікте «Қаратөбе» спорт клубы командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. ІІ орынды "Спорт мектебі" командасы иеленсе, қарсаластарына дес бермей, жеңіс тұғырынан көрініп, аудан біріншілігінде жүлделі І орынды "MG" супермаркеті командасы ие болды. 
Жеңімпаздармен жүлдегерлерге диплом және медальдар табыс етілді.