15 мамыр күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ағымдағы жылы зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.

 



Отырысқа облыстық аумақтық инспекция басшысы Лавр Хайретдинов, облыстық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығының басшысы Алтай Алдабергенов, облыстық аумақтық инспекциясы өсімдік қорғау бөлімінің басшысы Ерлан Құрмашев қатысып, өсімдік зиянкестеріне химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады.

Жиында сөз сөйлеген аудандық аумақтық инспекция басшысы Рүстем Әлжанов, аудандық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығының басшысы Бейбіт Тойшыбаев, Қоскөл ауылдық округінің әкімі Қанат Мұқанов өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы атқарылмақ жұмыстарды баяндады. 

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Жанат Асантаев өткен жылы орын алған кемшіліктерді болдырмау мақсатында ағымдағы жылы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытында және сапалы жүргізілуін, аса қауіпті зиянды шегірткелерге қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды БАҚ арқылы және әлеуметтік желілер арқылы халыққа кеңінен жеткізуді тапсырды.