Майдан даласынан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алған аудан тұрғындары мен қонақтары олардың жанқиярлық ерліктеріне тағзым етті.

Мерекелік шеруге аудан әкімі Жанат Асантаев , Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақов, мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен жастар қатысты.

Мерекелік шарада сөз сөйлеген аудан басшысы Жанат Асылханұлы:

- Құрметті аудан тұғындары, шарамызға қатысушы қонақтар! 
Сіздерді бүгінгі Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен құттықтаймын. 
Біздердің бейбіт заманда өмір кешуіміз майданға аттанып, жау соққысына тойтарыс берген ата-әжелеріміздің арқасы деп білеміз. 
Жеңіс сыйлаған майдангер батырларымыздың ерлігіне бас иіп, тағзым ету біздердің қасиетті парызымыз болып саналмақ, - деді.

Мерекелік шараға жиналған аудан жұртшылығына аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері «Жеңіс күні - Ұлы күн!» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.