Аудан басшысы Жанат Асылханұлы соғыс ардагеріне Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің мерекелік құттықтау хатын, "Uniserv" компаниясының сыйлығын табыстап, мерекелік қоржынды сыйға тартты.

Жүздесу барысында соғыс ардагеріне мықты денсаулық тілеп, немере-шөберелерінің ортасында аман-есен отыра беруіне тілектестігін білдірді.

Ардагер атамыз арнайы құттықтап келген аудан басшылығына және қаратөбелік азаматтарға алғысын білдіріп, ақ тілегін жолдады.