Шолпан Батырқызының шығармашылығына арналған «Туған жердің тұғырында түледім» атты әдеби – сазды кеш барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, аудан әкімі Жанат Асантаев мерейтой иесін мерейлі жасымен құттықтап, мерекелік гүл табыстап, иығына зерлі комзол жапты.

Шара барысында айтыс өнерінде бірге жүрген үкілі үзеңкілестері Хатимолла Бердіғалиев, Айсұлу Қадырбаев, Дариға Мұштанова, Үзілдік Елубаева, Күләш Сәлімгерейқызы, Сағынтай Бисенғалиев сынды ақындар мерейтой иесі Шолпан Батырқызына құрмет көрсеті.

Кеш барысында Шолпан Батырқызының "АНАДАН - АҚЫЛ, ӘЖЕДЕН - ӘДЕП" атты кітабының тұсауы кесілді.

Мерейтой аясында ақынның қаламынан туған "Қоскөл кеші", "Іздедім сені", "Туған жерім - Аққозым", "Ақтай-сайым" сынды әндерді өңірге танылмал әншілер және жергілкті өнерпаздар шырқады.