3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Болат Исақов , «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, облыстық арнайы мониторингтік топ мүшесі Әлия Өтемісқызы Салиева Қаратөбе ауданында іс-сапарда болды.

Іс-сапар барысында Қаратөбе аудандық орталық ауруxанасында, Қаратөбе аудандық xалықққа қызмет көрсету орталығында болып жұмыс барысымен танысты. 
Сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы Қаратөбе аудандық филиалында азаматтарға қабылдау жүргізді. «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, облыстық арнайы мониторингтік топ мүшесі Әлия Өтемісқызы Салиева, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсе басшысының орынбасары Орынбек Жамбылұлы Насимуллин және жоба менеджері Мира Аманғалиқызы Отарбаева келіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының жұмысы және өзге де мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі аудандық арнайы мониторингтік тобы мүшелері, Қаратөбе ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссия құрамы, Қаратөбе ауданы бойынша «Парасыз болашаққа,Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелері, Қаратөбе ауданы бойынша «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мақсатындағы Жобалық кеңсе қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.