Қай кезеңде болмасын, өсімдік  зиянкестері, соның  ішінде  шегіртке  мәселесі  күн  тәртібінен  түспейтін  мәселелердің  бірі. Соңғы  жылдары  өсімдіктердің, жалпы ауыл шаруашылығы  жерлерінің  ата  жауы  шегіртке  тектес зиянкестер  болып  отыр. Өйткені  біздің  аудан жерінің  табиғаты  шегірткенің өсіп өнуіне  өте  қолайлы. Сондықтан  жаз  шыға  шегіртке  өсіп – өнетін  жайылым  мен  шабындықтар  жете  бақылауға  алынып, дернәсілдердің  2 жастан  асқан  кезеңінде  күн  ысымай тұрып, таңғы  және  кешкі  салқынмен  улау  әдісі  жылма-жыл қолданылып  келеді.

Үкімет жыл сайын, мемлекеттік қор жеріне мемлекеттік бағдарлама бойынша тендер жариялап, шегірткені құртуға қыруар ақша бөледі. Үкіметтің арнайы  қабылданған  қаулысы бойынша азиялық және итальяндық прус шегірткелері аса қауіпті зиянкестер санатына жатқызылғандықтан, оларға қарсы күрес  шараларына Республи-калық  бюджеттен  жылма-жыл қаржы бөлініп тұрады. 2019 жылдың 20-шы сәуірі күні  селекторлық  режимде, өсімдік зиянкестерімен  күрес жөнінде облыстық әкімдікте алғашқы  штаб отырысы  өтті. Химиялық  жұмыстар  басталар  алдында  ауылдық  округ әкімдеріне, ауыл  тұрғындарына,  а/ш-ғы тауар өндірушілеріне жүргізілетін химиялық улау  жұмыстарының  уақыты және көлемі жөнінде қосымша хабарлау жөнінде тапсырма берілді. Шегірткеге қарсы  химиялық өңдеу кезінде жан - жақты көмек көрсету (автокөліктер, адамдар бөлу,сумен және жататын орынмен қамтамасыз ету.) жайында да осы отырыста  айтылды.

Биыл  итальяндық  прус  шегірткелерінің  дернәсілдері  зертханада  25 –ші  сәуір  күні  түгел  жанданды, далада  мамыр  айының бірінші  он  күндігінде  шығады  деп  болжануда.Былтырғыдан  10-15 күн  ерте  шығуы  әбден  мүмкін. Шегірткені  анықтаумен,  жоспарлы  мониторингтік  жұмыстармен  «РФД  және  БӘО»РММ-нің аудандық филиалының  мамандары  айналысып  келеді. Аталған  мекеменің  мамандары  шегірткенің  дернәсілдерін  тауып, көлемін  анықтап, жпс-пен  кулиганың  төрт  бұрышының координаталарын  толық  бергеннен  кейін, топырақтағы  күбіршіктің  барлығы  толық  тірілгенін  қазып  есептеген  соң, химиялық  өңдеу  шараларын  бастаймыз.Тендерді  ұтып  алған  жеңімпаз  мердігер  шегіртке  қоныстанған  жердің  координаттарын  толық  қолына  алғаннан  кейін, химиялық   өңдеу  жұмысына  кіріседі.Қазіргі  таңда  бүгінге  дейін  ауданда   пестицидтің  екі  түрі  жылма  жыл  қолданылып  келді.

1- ші  түрі (Кишечный, хитин  синтезінің  ингибиторлары)Уланған  шөпті  шегіртке  жегеннен  кейін 2-3 тәуліктен  кейін дернәсілдер  тамақтануын  тоқтатып  7-14  күн  ішінде  ас  қорыту  мүшесі  зақымданып аяғы, қанаты түсіп 100-200 метр  жылжып  барып  жолшыбай  өледі. Осы кишечный   пестицидтерді  қолданғанда  көбіне  халық  дұрыс  түсінбей  паника  көтеріп, байбалаң  салып шегіртке  өлмей  жатыр, су шашып  жүрсіңдер  деген  әңгіме  айтылады.Бұл  пестицидпен  бір  өңдегенде  дернәсілдің  бірнеше  толқыны  бағынады, жаңбыр  жаумаса  25  күнге  дейін шөпте  пестицидтің  күші  жойылмайды.Бұл  пестицидтің қоршаған  ортаға, малға,  пайдалы  насекомдарға (көбелекпен,бал  арасына) зияны  жоқ.

2-ші  түрі.(Контактно-кишечный болып әрекет етеді, синтетикалық пиретройдтар) Бұл пестицид  жанасу  арқылы  жоғары  жылдамдықпен, ұзақ емес улы   әсермен  тұтас  өңдеу  үшін  қолданылады, шегірткенің  орталық  нерф  жүйесін  істен  шығарады.Шегірткелер 3 күнге  дейін  өледі, бірақ  қоршаған ортаға  зияны  бар.  Аудан  бойынша шегіркенің  үш  түрі  кездеседі  - итальяндық  прус (қызыл қанат), екіншісі – азиялық шегіртке (көк қасқа) үшіншісі - үйірсіз  саяқ  шегіртке.Үш  зиянкесті  де  тиісті  мекемелер  тарапынан  бақылауға  ұстап, жылма - жыл  біздің  ауданда  уақытында  химиялық  жолмен құртылып  келеді.

Қаратөбе  ауданы бойынша,үйірсіз шегірткелердің дернәсілдеріне  қарсы 2018 жылдың маусым айының 19-21 аралығында «Мактоксин» ЖШС-гі  атқарған  химиялық  өңдеу  шараларының  мәліметі.

Ауылдық  округтердің

атауы

    Үйірсіз  шегіртке

 

Барлығы

Әкімшілік

жері

ш/қ-дың

жері

1

Сулыкөл  а/о

260

-

260

2

Қаракөл   а/о

100

100

200

 

Барлығы :

360

100

460

Даклоприд,20 %в.к. 27,6 литр  пестициді  жұмсалды

 

Қаратөбе  ауданы  бойынша  2018 жылы  итальяндық  прустың  дернәсілдеріне   қарсы  химиялық   өңдеу  шараларының  мәліметі.

Ауылдық  округтер

Химиялық  өңдеудің

2018жылға болжамы мың/га

Барлық  өңделгені,

мың   га

Дельталет

мың  га

05-20.06.

мың га

ТОО  Зап-

КазФумига-

ция мың га

23-29.06.18

ТОО 

Макток-

син

31.05.-18.06

1

Аққозы  а/о

12,0

13,8

-

      -

  13,8

2

Сулыкөл  а/о

6,0

13,7

-

      -

  13,7

3

Қаракөл   а/о

8,0

14,5

3,5

    9,0

2,0

4

Қоскөл  а/о

4,0

3,0

-

      -

3,0

5

Егіндікөл  а/о

5,05

8,0

5,0

      -

3,0

6

Қаратөбе  а/о

11,0

19,0

1,5

   10,0

7,5

7

Жусандыой  а/о

10,0

12,0

-

    1,0

11,0

8

Саралжын  а/о

5,0

2,830

-

  0,780

 2,050

 

Барлығы :

  61,05

  86,830

10,0

  20,780

 56,05

 

Зерттелгені : 133,0 мың  га,

Қоныстанғаны : 128,2 мың  га

Өңделгені :86830 гектарға 6609,8 литр пестицид  жұмсалды.            

25780  га  жоспардан  артық  жасалу  себебі, шегірткенің  дернәсілдерінің  өте  тығыз  болуына  байланысты,бір  өңделген  жер  екінші  рет  қайталап  өңделді.

2019 жылы   ауданда  итальяндық  прусқа  көктемгі  мониторингтік жұмыстар  жоспарға  сай   жалғасын  тауып  жүріп  жатыр.

Атап  айтқанда : 10-18 –ші  сәуір аралығында  Қаратөбе  ауданы бойынша итальяндық  шегірткенің  күбіршіктеріне зерттелгені : 1,6 мың  гектар. Қоныстанғаны: 0,3  гектар. 1 шаршы  метрде  күбіршіктің  саны  10-ға  дейін - 0,23 гектарды, 10-нан жоғары- 0,07 гектар. Күбіршіктегі  жұмыртқа  саны  33-40 дана, күбіршіктің  зақымдалуы  - 32-39 пайызыды  құрады. Қоскөл  а/о-гі-  0,11 га (Боранбай,Үшаудан, Шалғын, Қасқыртау  трассаның  екі  жаны, Қален) Егіндікөл  а/о-гі- 0,12 гектар( Калинин,Тұрғанбай,Бақаш,Жігерлен,Қарақоға,Тұщықара,Ақшат,Бесоба),  Саралжын а/о-гі-   0,04  гектар.(Мәші, Маңғыбай, Елемес, Келдібай). Қазір  күбіршіктің  қоныстанған  көлемін  анықтау  жұмыстары  аяқталды. Барлығы  сегіз  ауылдық  округтің  үшеуінен  күбіршік  табылып, бесеуінен  күбіршік  мүлде  табылмады. 

2019  жылы   аудан  аумағында    өсімдік  зиянкестеріне  зерттеу  жүргізетін  жер  көлемі.

1.Итальяндық  прус : 454,6  мың  гектар.

2.Азиялық шегіртке : 51,2 мың гектар гектар

3.Саршұнақтар : 12,0  мың  гектар

4.Тышқан тәрізді  кеміргіштер : 2,0 мың  гектар

5.Үйірсіз  шегірткелер : 31,2  мың  гектар

Барлығы : 519800 гектар 

Осының  сыртында  карантиндік  арамшөптер мен зиянкестерді  қарау  жоспары  бар :

6.Жатаған  у  кекіре : 3,0  мың  гектар

7.Арамсояу : 1000 гектар.

8.Қауын  шыбыны;   25 гектар.

2019 жылға  химиялық  өңдеудің  жоспары : Зиянкес  шегірткелер ( итальяндық  прус   шегірткесі)

А/о   атаулары

Өңдеуге

жатқызылған  алаңдар  мың  га

     Химиялық  өңдеуге  қатысатын  техникалар.

 

Газ  қондырғы

мың  га

Дельталет

мың  га

Микронер (УМО) мың  га

   Қызмет  көрсету  уақыты

 

Аққозы    а/о

6,0

-

6,0

-

      мамыр,маусым

 

Сулыкөл а/о

3,0

-

        3,0

-

мамыр,маусым

 

Қаракөл  а/о

2,8

-

        2,8

-

мамыр,маусым

 

Қоскөл    а/о

16,55

10,6

5,95

-

мамыр,маусым

 

Егіндікөл  а/о

17,4

5,0

       12,4

-

      мамыр,маусым

 

Қаратөбе а/о

2,4

-

2,4

-

мамыр,маусым

 

Жусандыой  а/о

2,3

-

2,3

-

мамыр,маусым

 

Саралжын    а/о

4,0

-

1,75

2,25

мамыр,маусым

 

    Барлығы :

54,45

15,6

       36,6

2,25

мамыр,маусым

 

 

Италяндық  прус : 54450 га. Азиялық  шегіртке   ауданда  жоқ.Үйірсіз  шегіртке: 2100га. Барлығы: 56550 га

Қаратөбе  ААИ-ның  басшысы:                                                                                Р.К.Альжанов