Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Жұмағазиева және ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекция басшысының орынбасары, инспекцияның әдеп жөніндегі уәкілі Шолпан Қайырмұқанова қатысты.

Жиында Жанар Дүйсенғалиқызы қызметтік әдептің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қызметкерлердің арасында жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар мен Әдеп нормаларының бұзылуы жиі анықталатынын жеткізді. 

Әдеп жөніндегі жиында бірнеше мәселелер қаралды. Бірқатар мемлекеттік органдар мен департаменттердің жемқорлық пен әдеп нормаларын бұзудың алдын алу жұмыстарына қатысты қорытынды есептері мен мемлекеттік қызмет туралы заң нормаларын бұзған қызметкерлерге қолданылатын шаралар туралы түсіндіріліп, бейне роликтер көрсетілді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер өз ойындағы сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті.