Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан күн тәртібіне бірнеше нәрселе қойды. 

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиева "2019 жылға арналған аудандық отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту" туралы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов "Ауданда әйелдерді кәсіркерлік қызметке тарту, оқыту, микрокредит беруге қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған жұмыстар" туралы, Қаракөл, Аққозы ауылдық округінің әкімдері Нұржан Сахипов, Қоныс Мұқанов "Әйел - ананың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатындағы, соның ішінде ауылдық аналар кеңесінің атқарған жұмыстары" туралы баяндамалары тыңдалып, ұсыныстар мен ескертпелер ұсынылды.