Республикалық акция аясында аудан бойынша қарағаш, үйеңкі, аққайың, жиде, қарағай көшеттері түрлерінен үш мың көшет отырғызылды. 

Кең көлемде ұйымдастырылған ауқымды акцияға аудан көлеміндегі барлық мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері белсенді қатысты.

Аудан орталығындағы көшет отырғызу шарасында «Астана» саябағына, Мұхит атындағы орта мектептің қасындағы саябаққа, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қасындағы саябаққа, Қаратөбе ауылына кіре беріс жолдың бойына жалпы саны 1000 түп көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қ.Жұмалиев атындағы саябаққа қара топырақ төсеп, қопсыту жұмыстары, Ғ.Құрманғалиев атындағы орталық саябағында жеміс ағаштарын суару, тазалық жұмыстары және ауылдың сыртқы бетінен бастап ескі тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту шаралары қолға алынды. 


Орталықта өткен көшет отырғызу акциясына жалпы саны 925 адам қатысты.