Бүгін Қаратөбе ауданының орталық аланыңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің аудандық кезеңі өтті.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Жанат Асантаев жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі. 

Ұлттық күрестің дамуына ықпал етіп, қазақ күресін еліміздегі танымал спорт түрлерінің қатарына қосу, бұқара халыққа кеңінен насихаттап, дамытуды мақсат еткен ұлттық жоба өңірімізде өріс алғанына биыл 9 жыл болып отыр. 

Айта кетейік, айтулы додаға бабы мен бағы келіскен 16 палуан қатысты.