Бүгін Қаратөбе ауданының мәдениет үйінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық  орталығы және аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған бос жұмыс  орындар жәрмеңкесі өтті


Мұндай шара жылына кем дегенде 4-5 рет өткізіледі. Жәрмеңкеде мұғалім, логопед, дефектолог, психолог, электрик мамандықтарымен қатар, шаруа қожалықтарынан жұмысшыларға сұраныс болды. Аталған шарада 13 мекеме, 26-ға жуық мамандық бойынша бос тұрған орындарды жариялап, қатысушы жастар көптеген мүмкіндіктерге ие болды.

Жәрмеңкеде 8 маман жұмысқа жолдама алды. Шарада аудандық жастармен жұмыс жөнніндегі ресурстық орталықтың маманы Маралбек Амантаев«Zhas Projest» әлеуметтік жобасы туралы кеңінен түсіндіріп, жастарды еңбек етуге, өз кәсібін ашуға шақырды. Әлеуметтік жоба жастарға көп мүмкіндік береді, оның ішінде мамандығы жоқ, мүмкіндігі шектеулі жандарда іс бастай алады. Оқымайтын және жұмыс істемейтін, жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастар үшін ерекше басымдылық беріледі.