5 сәуір күні Қаратөбе аудандық мәслихатының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Шараға аудан әкімі Жанат Асантаев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары Есентай Қалиев, облыстық мәслихат депутаты Құсайын Мұқанов пен аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен сала ардагерлері қатысты.

 

  

Салтанатты шарада аудан басшысы Жанат Асылханұлы мен Мәлік Иманқұлұлы көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, аудандық мәслихаттың коғамдағы рөлі туралы атап өтті.

Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 25 жылдығына орай аудан әкімі Ж.Асантаевқа, ардагер мәслихат хатшысы Б.Тойшыбаевқа және аудандық мәслихат депутаты Н.Меңдешовке алғыс хат табыс етті.

«Ел игілігіне қызмет ету – мәслихат мақсаты» тақырыбында баяндама жасаған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Қаратөбе аудандық мәслихатының 25 жылдығына орай сала ардегерлері, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мәслихат хатшысы Қ.Орынбасарұлының алғыс хаттарымен марапатталды. 

Айтулы мерекеге орай Қаратөбе аудандық мәслихаты туралы дайындалған кітапша М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейіне табысталды.