ҚР  ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті және БҚО Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп  мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне, оларды қолдану талаптары мен тәртібіне арналған семинарлар өткізілді.

Кезекті семинар Бәйтерек ауданының №1 Мичурин орта мектебінің мәжіліс залында өтті, іс-шараға ауылдық округ әкімдері, білім беру, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары және аудан активінің өкілдері қатысты.

ҚР ИИДМ ТРжМК БҚО бойынша департамент басшысы - мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Салават Вахитов қатысушыларды ұлттық стандарттармен таныстырды:

- ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы»;

- ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы», түзетулер туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және оларды орналастыру тәртібі туралы.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңында және Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарында белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қойылатын талаптар міндетті болып табылады.

 «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты »Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы:« Біз 2025 жылдан бастап біздің алфавитімізді латын әліппейіне аударуға кірісуіміз керек », бұл бастама мемлекет негізі  қазақ халқы екенін бірден бір көрсететін белгіміз бұл Елтаңбамыз-деді ол.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитет Төрағасының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 272-од бұйрығымен Қазақстан Республикасының СТ РК 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» №1 өзгерістер бекітілген, 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы кириллицамен жазылған «ҚАЗАҚСТАН» деген сөз ұлттық стандарттың мәтін бойынша «QAZAQSTAN» деген сөзбен ауыстырылады.

Осы өзгерістердің күшіне енгенге дейін Кириллицамен жасалған Мемлекеттік елтаңбалар үшін өтпелі кезең 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін белгіленді.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлдана Аргенова мемлекеттік рәміздерді орналасу ережесінің, жарамсыз елтаңбаларды және туларды жою ережесіменің таныстырып кетті, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген жауапкершілікті белгілейтіндігін айтып кетті.

 Семинар диалог түрінде өткізілді, оған қатысушыларға қызығушылық танытқан барлық сұрақтарға жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

 Осындай кездесу Ағымдағы аптада Шыңғырлау ауданында да өткізілді. Семинар ұйымдастырушылары бұл түсіндіру жұмыстары Тәуелсіздік Рәміздерін құрметтеуге және дұрыс пайдалануға әкеледі деп сенеді

Семинарды өткізу мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарымен комиссия төрағасы - облыс әкімі А. С. Көлгіновтың қолдауымен ақпараттық-құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру және патриоттық-танымдық бағыттағы іс-шараларды жоспарлы ұйымдастыру мәселесі бойынша қарастырылған.

 

ҚР  ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті