Аудандық мәслихаттың депутаты Дулат Қоламанов төрағалық еткен сессия жұмысына мәлихаттың 11 депутаты және аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан қатысты.

Сессияның күн тәртібіне сай Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы №25-3 «2019-2021 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтерінің бюжеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы», «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-13 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралды. 
Сессияда «Аудан әкімдігінің құрамы туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссия құрамы туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Хитаров хабарлама жасады. 
Сессияда қаралған барлық мәселелер бірауыздан қабылданды.