2 сәуір күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Б.З.Хасенова, БҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары А.И. Мұқанова және БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д.С.Искаковалар Қаратөбе ауданында болып, Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке енгізілген өзгерістер бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының және округ әкімдіктері мамандарының тұрғындарды қабылдау жұмысымен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.

Айта кетейік, Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары аудан тұрғындарына қолайлы болуы үшін сәуір айының әрбір сенбі күні жұмыс жасайды.