29 наурыз күні аудан әкімі Жанат Асылханұлының қатысуымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде жастар форумы өтті.

«Мәңгілікелдің жастары» атауымен өткен форумға округ әкімдері және жұмысыз жастар сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша  «Zhasprojeсt» жобасының өңірлік координаторы  Оралбек Жандауов қатысты.

Жиында сөз алған аудан әкімі Жанат Асантаев тәуелсізеліміз гүлденіп, қарыштап дами түсуі үшін жастардың тың идеялары,  орнықты пікірлер, алғыр шешімдер мен туған жерге деген жанашырлық керектігін тілге тиек етті. Шараға жиналған жастардың баршасын отаншылдық сезіммен, жалынды жігермен туған елге қызмет етуге  шақырды.

Жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын  жоба туралы түсінік  беру үшін ауылдардағы жұмыссыз жастар мен ауылдық округ әкімдері шақырылып ортақ ойларымен пікірлерін ортаға салып талқылауға арналды.

– Бүгінгі күні бұл жастарға өте жақсы көмек. Жаскәсіпкерлерге  өзінің бизнесін жолға қоюға сондай мүмкіндіктер беріп жатыр.  Жастардың идеясы мықты, жоспары сақадай-сайболғанымен,  қаржы қол байлау болса,  бизнес әлеміне еркін ену мүмкін емес. Ал «ZhasProject» жобасы бастамашыл жастарға қаржылай демеушілік жасап, жеңімпаздарға 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді. Ал биыл «ZhasProject» жобасы Батыс  Қазақстан облысында алғаш рет іске асып, жеңімпаздар анықталды. Сондықтан жобаға қатысыңыздар, — дейді шара барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Zhasprojeсt» жобасының өңірлік  координаторы  Оралбек Олжасұлы.

Шара барысында түрлі сұрақтар қойылып, жастар ұсыныстарын ортаға салды.