30 наурыз күні Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығында жаңа фотрматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

«Ашық әкімдікте» Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев тұрғындарды қабылдап, оларды толғандырған сұрақтар бойынша жауап берді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы түсінік алуға келген Қаратөбе ауылының тұрғындары Гүлмира Жекенова, Сайлау Сарестеков, Айгерім Гумароваларға аталған әлеуметтік төлемнің тағайындалу тәртібі мен талаптары туралы жан-жақты түсінік берілді.

Қабылдауда болған азаматтарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалиева тұрғын үй көмегі мен бір жолғы материалдық көмек жайлы кеңінен түсінік берді.