Бүгін аудан әкімі Ж.Асантаев Саралжын ауылдық округінде көп балалы аналар мен әлеуметтік осал топ өкілдерімен кездесті. Жиын барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа шарттары түсіндіріліп халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді. 


- Мемлекетіміздің әр тұрғыны биліктің назарында, әрбір мұқтаж адамға Заң шеңберінде көмек көрсетілетін болады. Ал олар өз кезегінде сол санаттан шығуға ұмтылу қажет, мемлекет сол үшін көмек береді. Еңбек түбі береке деп дана халқымыз бекер айтпаған. Бірге еңбектеніп еліміздің дамуына бірге үлес қосайық, - деді аудан басшысы.