21 наурыз күні аудан орталығында Ұлыстың ұлы күні жылдағыдан ерекше тойланды. Күн мен түн теңеліп, табиғаттың жаңарған шағында дүбірлетіп той жасалды. Аудан ардагерлері мен көп балалы аналарға орталық алаңда тігілген киіз үйлерде дастархан жайылып сый құрмет көрсетілді. Балалар да назардан тыс қалмады жарапазан айтып жарысқан бүлдіршіндерге сыйлыққа "Наурыз қоржын" беріп шат шадыман қылды. Жиналғандардың көңілінен шыққан сахналық қойылым мен мерекелік бағдарлама спорттық ойындарға ұласты. Белі мығым палуандар боз кілемде бақ сынап, білекті жігіттер гір тасын көтеріп сайысса, құралайды көзге атқан мергендер садақ атудан жүлдені ортаға салды.