Жаңалықтар

2 сәуір күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Б.З.Хасенова, БҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары А.И. Мұқанова және БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д.С.Искаковалар Қаратөбе ауданында болып, Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке енгізілген өзгерістер бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының және округ әкімдіктері мамандарының тұрғындарды қабылдау жұмысымен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.

29 наурыз күні аудан әкімі Жанат Асылханұлының қатысуымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде жастар форумы өтті.

30 наурыз күні Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығында жаңа фотрматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

28 наурыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Smart Qaratobe» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Жиынға аудан әкімі Ж.Асантаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Бүгін аудан әкімі Ж.Асантаев Саралжын ауылдық округінде көп балалы аналар мен әлеуметтік осал топ өкілдерімен кездесті. Жиын барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа шарттары түсіндіріліп халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.