Жаңалықтар

Сәрсенбінің сәтінде аудан әкімі Асхат Шахаровтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиыны Сулыкөл ауылдық округінде жалғасын тапты. Алдымен тұрғындар алдында есеп берген округ әкімі Берікқали Муса өткен жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстарға да тоқталып өтті.

Түстен кейін аудан басшысы Асхат Шахаров Жусандыой ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. Алдымен жиналған жұртшылық алдында есеп берген округ әкімі Талап Қазиев округ бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндап, болашақ жоспарымен бөлісті.

Аудандық кітапханада 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарына қатысатын спортшыларды қолдау мақсатында "Универсиада- үкілі үміттер бәйгесі" атты библиофреш оздырылды.

Түс ауа Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың Қоскөл ауылдық округінің халқы алдындағы есеп беру жиналысы оздырылды.
Алдымен жиналғандар алдында округтің өткен жыл ішінде бағындырған бел-белестерін егжей-тегжейлі баяндаған Қоскөл ауылдық округінің әкімі Берік Жақсығалиев болашақ-жоспарларымен бөлісуді де естен шығармады.

Қаңтардың 21-і күні Қаратөбе ауданының Шөптікөл ауылында студенттер арасындағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарына қатысатын спортшыларды қолдау мақсатында студенттер мен оқушылар арасында Биатлон жарысы ұйымдастырылды.