Жаңалықтар

15 тамыз күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының құрамы Сулыкөл ауылдық округінде болып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында жергілікті халықпен жиын өткізді.

 

Қалдығайты өзені арнасының тартылуына байланысты аудан жастарының «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясын жүзеге асыруды қолға алғанын айтқан болатынбыз. 12 тамыз күні аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан бастаған бір топ жастар Қаракөл ауылдық округі аумағындағы Таян өзенінің бойында құмығып қалған бірнеше бұлақтың көзін ашты.

13 тамыз күні Қаратөбе ауданында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту Заңын орындау мен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

13 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде «Латын керуені» атты республикалық көшпелі семинар-тренингі өтті.

9 тамыз күні ағымдағы жылдың 6 айы ішінде аудан бойынша тіркелген қылмыстарды дер кезінде ашу, алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында атқарылған жұмыстары жөнінде аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Алмаз Елбаев тұрғындар алдында есеп берді.