Жаңалықтар

1 тамыз күні  Қаратөбе ауданында өтіп жатырған жерлестер форумы аясында ауданымызда биылғы жылы жүзеге асқан «Zhas project» жобасы жеңімпаздарының жәрмеңкесі өтті.

Шілде айының 9 - 23 күндері Италия елінде Адриатикалық теңіз жағалауындағы Чезенатико қаласындағы демалыс лагеріне ауданымыздан екі оқушы демалып келді.

31 шілде күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы оқып жатырған жастармен аудан әкімі Жанат Асантаев кездесті.

31 шілде күні Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев көп балалы аналар  сулыкөлдік Айнұр Мусина, аққозылық Бибігүл Раймова, саралжындық Айсәуле Төлеуғалиеваларды қабылдады.

1 тамыз күні Қаратөбеде жерлестер форумы бастау алды. Форум қонақтары мен жастар алдымен «Қаратөбе сьезі» өткен тарихи орында орналасқан ескерткіштің басында өткен шараға қатысты. Шара тарихи орын жанынан салынғалы жатқан Алашорда және Қайыржан Хасановтың мемориалдық музей-кешенінің ірге тасының құйылу рәсімінен басталды.