Жаңалықтар

Елбасының мемлекеттік қызмет көрсету саласын толықтай электронды форматқа көшіру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Әділет министрлігімен қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

9 желтоқсан әлем елдерінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен Халықаралық күрес күні деп аталып өтілуде.
Осыған орай, Орал қаласы Жастар мәдениет үйінде " Адалдық. Парасаттылық. Жариялылық" атты шара өтті. Азаматтарымызға жемқорлық жайында толыққанды ақпарат беріп, оның алдын алу мақсатында өткізілген кездесуде Жастар мәдениет үйінің Театр үйірмесі әртістерінің қатысуымен театрландырылған қойылым сахналанды.

29 қараша күні NurOtan партиясының Қаратөбе аудандық филиалының мемлекеттік органдардың басшылары, ауыл әкімдері жиналған актив отырысында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл функциясын атқарушы М.Есендосов 28 қараша 2019 жылы Мемлекет басшысы "Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қол қойылған Заңының кейбір талаптары бойынша түсінік беріп өтті.

13 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысында 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу туралы жиналыс өтті.

Орман алқаптарын қоршаған ортаны қорғау, елді-мекен жерлерін көркейту, көгалдандыру мақсатында Қаратөбе ауылының С.Датұлы көшесіне көшеттер отырғызылды.