Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта конкурс 2019 жылы 26  желтоқсан күні сағат 10 00-де өткізіледі. Өтетін орны: БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, №31 (3 этаж) Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты ғимаратының кіші мәжіліс залында өтеді.

ЕСКЕРТПЕ

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1)конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1)         Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

          2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

           3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2019 жылдың 29 қарашадан бастап 2019 жылдың 24 желтоқсан  аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына мекен-жай бойынша алуға болады: Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков  көшесі, №27, аудандық жер қатынастары бөлімінен, сағат 9.00 ден 18.00- ге дейін (түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін). Телефон 8 (71140) 21196.

 

№ р/н

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, га

 

 

                         соның ішінде

Жалға беру мерзімі

(жыл)

 

шабындық

жайылымдық

басқа жерлер

 

га

бонитет балы

га

бонитет балы

1

Сайқын

«Қаракөл» е.м

500

 

 

500,0

10

0

10

2

Сайқын

«Құмақ» е.м

200

 

 

200,0

10

0

10

3

Бисен

«Көктерек»  е.м

1000

 

 

1000

8

0

10

4

Ұялы

«Муханбеткум» е.м

500

 

 

499,0

7

1,0

10

5

Ұялы

«Мурзагали» е.м

250

 

 

249,0

7

1,0

10

6

Ұялы

«Базарбай» е.м

500

 

 

499,0

7

1,0

10