Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы әкімдігі Переметный, Рубежин, Январцев,  Махамбет ауылдық округтері аумағындағы ауыл шаруашлығы өндірісін немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізуді жариялайды.

 

Ауыл шаруашлығын немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін жалға беру кезінде

 конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

№ р/н

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, га

 

Соның ішінде:

Жалға беру мерзімі

(жыл)

 

егістік

жайылым

басқа жерлер

га

бонитет балы

га

бонитет балы

1

Переметный а/о

170,0

170

41

-

-

-

10-ға

2

Рубежин а/о

630,0

-

-

630,0

19,3

-

10-ға

3

Раздольный а/о

100,5

-

-

-

-

100,5

10-ға

4

Январцев а/о

500,0

500,0

39,2

-

-

-

10-ға

5

Январцев а/о

200,0

-

-

200,0

19,3

-

10-ға

6

Январцев а/о

178,7

178,7

28

-

-

-

10-ға

7

Махамбет а/о

86,5

86,5

30,4

-

-

-

10-ға

8

Махамбет а/о

286,2

286,2

30,4

-

-

-

10-ға

9

Махамбет а/о

111,2

111,2

30,4

-

-

-

10-ға

10

Махамбет а/о

447,6

447,6

29,7

-

-

-

10-ға

 

ЕСКЕРТПЕ

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

 

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2)   шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсыныста конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2019 жылдың «13» қарашасынан бастап 2019 жылдың «4» желтоқсан аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына мекен-жай бойынша алуға болады: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Жеңіс көшесі, 137, 8-і каб., сағат 8.30 дан 18.00- ге дейін (түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін). Телефон 8 (71130) 22396, 23506.