Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,оған қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды насихаттау – баршаға ортақ міндет. 

ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.

Аталған құжат жемқорлық салдарымен күрес умен қатар оның алдын алу және болдырмауға қызмет етеді. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайластыққа қарсы әрекет-ең маңызды мәселелердің бірі.Елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп,жүргізіліп жатқан экономикалық-әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Заңына сәйкес аталған қоғамдық кеселмен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Осыған орай мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету,тәртіп пен реттілікті нығайту мәселелерінің баяндалуына ерекше көңіл бөлінеді.Оның алдын алу мақсатында мекемеде семинар-кеңестер өткізіліп отырады. 

Аудандық қазынашылық басқармасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?»тақырыптарында  өңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш қоғам дертіне қарсы әрекетті іске асыру бағытында I тоқсандағы іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес- әрбір Қазақстан азаматының міндеті мен қастерлі борышы.


Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер бақармасы