Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында 2017 жылдың қаңтар айында Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінде ауылдық округ әкімдерінің халық алдында 2016 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беруі өткізілді. 16 қаңтар күні Бесоба, Сәуле, Үшағаш, Соналы, Төлен, Үшана елді мекендерінде өтсе, 17 қаңтар күні Ханкөл, Шалғын, Алакөл, Шөптікөл елді мекендерінде өтті. Жиналыстар барысында сәйкес ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстары талқыланып, тұрғындар өз пікірлерін білдірді. Жиналыстарға жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.