10 қараша Аудандық мәдениет үйінде Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқырман назарына «Туған жер, саған, мың тағзым!» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.
Адамзат баласының рухани серігі, қазына байлығы – кітап. Адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдени орын – кітапхана болса, барша оқырманды кітаппен қамтамасыз етіп отырған кітапханашылар еңбегі зор.
Айтулы шарада алдымен тұрақты оқырмандар арасындағы 20-ға жуық оқырманға «Алтын формуляр» табысталды. 
Одан соң Шөптікөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жазира Қабесова «Мамандықтар әлемі» жобасын таныстырды.
Концерттік бағдарлама аясында сахнада кітапхана қызметкерлері Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен», Ілия Жақановтың «Ақ Жайық – ару мекенім» әнідерін хормен шырқады. 
Сондай-ақ кітапхананың ардагер әжелер ансамблі орындауында «Қоскөл кеші», «Туған ел» әндері әуелесе, кеш әрмен қарай мың бұралған қазақ биімен өрілді. 
Жерлесіміз ақын Ертай Бимұхановтың шығармашылығынан композициялық-поэтикалық қойылым қойылды. 
Сонымен қатар жеке дауыста «Елге сапар» әнін Нұрлы Жұбанғалиева, «Келем» деші!» әнін Жұлдыз Маширова, «Кітапханашы қыздар-ай» әнін Естай Шыңғалиев әуелете шырқады