8 қараша кеше Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың қазан айының 26-сындағы латын графикасына көші туралы Жарлығына сай «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» атты шара оздырылды.
Шара аясында бейнекөрсетілім арқылы 1929-1940 жылдар аралығындағы латын қаріптерінің қолданылу тарихы, Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығын жүзеге асыру бағытында жүргізіліп жатырған елдегі насихат жұмыстары туралы көріністер тамашаланды. 
Дөңгелек үстел барысында аудандағы тіл мамандары, тарихшылар, салалар өкілдері қаратөбелік ардагер ұстаз Халық Наурзалин, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаев, Қаратөбе колледжінің ағылшын және орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлжан Ахметшиева, кітапхана библиографы Эльмира Жақсылыққызы, теолог-маман Әмірбек Жәнібеков, мектеп-гимназия мұғалімі Қанат Досқазиев және колледж студенттері заман талабы латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, әлемдік мәдениетке етене аралысып, тіліміздің аясын кеңейтеуге, оны әлемге танытуға жол ашатын күн тәртібіндегі ана тіліміздің аясын кеңейтуге байланысты кезең-кезеңмен жүргізілетін өзекті мәселеге үлкен қолдау білдіретіндіктерін айтты.