«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2019 жылдың 19 наурызында сағат 10:00-де Орал қ, Мұхит к-сі,78 мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.

Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі: 

  • зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;
  • зейнетақы жүйесіне 01.01.2019 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;
  • кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;
  • 01.2019 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;
  • базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер;
  • Ерікті зейнетақы жарналары.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді.  Қатысушыларөздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да жеке кеңес ала алады.