Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобилдік тобы кезекті үгіт насихат жүргізуді 29 мамыр күні Қоскөл ауылдық округінің кітапханасында дөнгелек үстел өткізумен жалғастырды, одан әрі үгіт-насихат жұмысын Егіндікөл ауылдық округінің тұрғындарына Егіндікөл ауылдық округінің мәдениет үйінде 60 тұрғыннан құралған жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихатын жүргізді. Жиында алғаш сөзді ауылдық округ әкімдері ашты. Сыбайлас жемқорлық туралы Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Жәнібеков Еркінбек Ғаббасұлы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы А.Дияшева және аудандық жастармен жұмыс ресурстық орталығының басшысының міндетін атқарушы Э.Амантаев сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет болған жағдайда қандай нөмерге хабарласуға болатындығы түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді.