Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5-басымдық бағыты және Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 13-қадамын жүзеге асыру бағытында «Парасыз болашаққа... Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында мобильді топ құрылып, ауданымызда көшпелі қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Мобильді топ құрамына аудан әкімі аппараты, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестік ұйым жетекшілері, бөлім басшылары, аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі, БАҚ өкілдері кіреді.
Топ мүшелері Қаратөбе колледжінің студенттерімен, аудандық орталық

ауруханасына келген ем алушылармен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратып, бейнекөрсетілім көрсетті. Алдағы уақытта да аталмыш мобильдік топ кесте бойынша адамдар көп шоғырланған қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтары, ауылдық округтерге шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


Жемқорлықсыз қоғам үшін...

Жуырда аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелері мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Ардақ Ізғалиев, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық  «Жаңару қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалы директорының орынбасары Бауыржан Аяпбергенұлы, аудан басшысы Асхат Шахаров сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекет қызметінің басты стратегиялық бағыттарының бірі екендігі, соңғы жылдары Қазақстан жемқорлық деңгейін төмендету бойынша едәуір қадам жасағандығы, осы бағытта 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына тоқталып, атап өтті.      Жиыннан соң «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалында ҚР Мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов аудан тұрғындарын қабылдап, мемлекеттік қызмет алу барысында кедергілерге тап болған жағдайда әрекет ету турасында кеңестер берді.

26 сәуір күні ауданның орталық алаңында аудан халқының қатысуымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция оздырылды. Шара барысында аудан басшысы Асхат Шахаров, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Еркінбек Ғаббасұлы мен аудандық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Әмірбек Әлібекұлы сөз алып, аудан халқын сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырды. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы 5
басымдық қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты екенін анықталып, сыбайлас жемқорлықпен күрес көбіне көп бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігін атап өтілді.