Аудандық  мәдени-демалыс орталығының басты қызметі халыққа мәдени қызмет көрсетумен қатар ауданымыздың мәдениет саласын жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл мекемеде жас мөлшері әркелкі , мамандығы мен кәсібі сан алуан, білім дәрежесі, өмір тәжірибесі әр түрлі жандарды бір орталыққа біріктірген орын.

Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығы «Керім-ай» халықтық би ансамблі, «Ауыл әуендері» фольклорлық ансамблі, «Болашақ» продюсерлік орталығы, «Асыл әжелер» әжелер ансамблі, Халықтық театрының жұмыстарымен түрлі тақырыптық кештер мен кездесулер ұйымдастыратын рухты санаға жеткізетін орталық.

Мәдениет саласында-мәдени ошақтарының ауыл халқының рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыруда, дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре ұйымдастыру негізінде заманауи мәдениетті дамыту.

Қазіргі таңда аудандық мәдени-демалыс орталығының жұмыс жүргізудегі жаңа бағыттарымен технологиясын, әдіс-тәсілдермен түрлі формаларын іздеу, тәжірибеге енгізу нәтижесінде әдістемелік бұрыштың жұмысы жүйелене түсуінде. Ең негізгі мәселе -ұжымның кәсіптік шеберлігін арттыру, әр мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық  дамуына  жағдай жасау.

Қаратөбе аудан халқына 1 аудандық мәдени-демалыс орталығы, 7 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клубы қызмет көрсетуде.

Аудандық мәдени-демалыс орталығында жалпы мәдениет қызметкерлер саны 62,олардың ішінде 25 әйел, 37 ер адамдар.

Олардың 29 жоғары білімді жұмысына сәйкес жоғары 24, жалпы жоғары -5, 19 арнайы орта, 14 орта білімен, (сырттай 3 қызметкер білімдерін жалғастыруда.)

62 мәдениет қызметкерлерінің ішінде шығармашылығы 31. Оның ішінде  жоғары білімді-18, арнайы орта білімді-7, орта білімді-6.  Ал кіші қызметкерлермен қосқанда барлығы 97 қызметкер қамтылған. Кіші қызметкерлер саны аудан орталығында -13, округтерде-20.

Аудандық мәдени-демалыс орталығының штатында толық ставкіде 24 қызметкер, ауылдық мәдениет үйлерінің штатында 28 қызметкер, бөлімше клубтарының штатында 10 қызметкер.

2014 жылдың 6 айында өткізілген шаралар саны- 412, қатысқан көрермен саны-18049, оның ішінде ақылы -7245,ақысыз-10804. ақылы қызметтен түскен түсім-525000 мың теңгені құрайды.

Мекемені қаржыландырудың жалпы көлемі - 47 млн. 953 мың теңге. Оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында - 3 млн. 728 мың теңгеге қажетті жабдықтар алынды.

Аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша үш бөлім өз саласы бойынша қызмет атқаруда.

1 Әдістемелік бөлім

2 Балалармен жасөспірімдер бөлімі

3 Көркемөнерді дамыту бөлімі.

 

Аталған бөлімдер бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. ҚР-ның мемлекеттік атаулы мерекелер мен кәсіби мерекелер, жас ерекшеліктеріне қарай аудандық байқаулар, сонымен қатар жоспардан тыс елімізге танымал өнер иелерімен кездесу кештері, концерттік бағдарламалар, жастармен түрлі мәдени шаралар оздырылып келеді.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Ауыл жастары мен студенттермен» кездесу кешін ұйымдастырды. Аталған шарада аудан жастары арасында волейбол жарысы оздырылды. Осы шарадан кейін аудандық мәдениет үйінде кездесу кеші өткізілді. Кешке аудандық мәслихат хатшысы Б.Тойшыбаев, «НұрОтан» ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының орынбасары Е.Жәнібеков тағыда басқа қонақтар шақырылды. Кеш барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, пікір-талас, сұрақтар қойылды. Кеш қызықты өтізіліп, соңы жастар кешіне ұласты.

рисунок

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ақпан айында аудандық мәдени-демалыс орталығы қызметкерлері арасында талқыланып, қолауға ие болды.

Ақпан айында жоспарлы түрде өтетін Кеңес әскерлерінің Ауған елінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай мәдени шаралар оздырылды. Атап айтсақ аудан әкімі А.Шахаровтың қатынасуымен салтанатты жиналыс оздырылып, концерттік бағдарлама халық назарына ұсынылды. Аудандық мәдениет үйінде ауған соғысына қатынасқан ауданымыздағы азаматтармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Ауғанның от жалыны» атты аудандық ән байқауы оздырылды. Аудандық байқаудың жеңімпаздары «Қаратөбе» триосы облыстық байқауға қатынасып бас жүлдеге ие болды.

    рисунок

рисунок

 

Ағымдағы жылы Ғ.Құрманғалиевтің 105 жыл толуына орай мәдени шаралар ұйымдастырылды. Жерлесіміз С.Рахметжанов «Ғарекең жүрген жолдармен» атты концерттік бағдарламасын аудан халқы назарына ұсынды.

Сонымен қатар 28 қаңтар күні Мұхит Мерәліұлы, Ғарифолла Құрманғалиев әндерін насихаттаушы жерлес әнші-термешілер аудан орталығына шақырылып, өнерлерін халық назарына ұсынды. Жерлес әншілерімізді аудан әкімі А.Шахаров алғыс хатпен марапаттады.

  рисунок

8 Науыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиналыс соңынан халық театрының С.Балғабаевтың«Ең әдемі келіншек» қойылымы халық назарына ұсынылды. 22 Наурыз - Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні» атты концерттік бағдарлама ұйымдастарылды. Мерекелік шарада театрландырылған көрініс көрсетілді.

рисунок

рисунок

 

Наурыз айында «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мегажобасы аясында Шыңғырлау аудандық көркемөнерпаздар ұжымы ауданымызға келіп, өнерлерін көрсетсе, ауданымыздың делегациясы Сырым ауданында болып, өнерпаздарымыздың концерттік бағдарламасы халық назарына ұсынылды. Сонымен қатар Наурыз айында көркемөнерпаздар ұжымы Самара облысындағы қандас бауырларымыздың Наурыз мерекесіне қатынасып, өз өнерлерін көрсетіп келді.

рисунок   

Сәуір айында балалар шығармашылығын дамыту мақсатында дәстүрлі оздырылып келе жатқан аудандық «Балдәурен» байқауы ұйымдастырылды. Облыстық байқауға жолдама алған өнерпаздарымыз жанрлар бойынша жүлдегер атанып келді. 

рисунок 

1 Мамыр күні - қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйі алаңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдерінің әндері мен билері халық назарына ұсынылды. Облыс орталығында өткізілген аталмыш шараға аудан атынан өнерпаздарымыз қатынасып келді. Мамыр айының 5-6 күндері аралығында «Байтеміровтар отбасылық» ансамблі Ақтөбе қаласында өткен аймақтық «Отбасылық ансамбльдер» байқауына қатынасып, жүлделі 3 орынға ие болды.

DSC_0523

 

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 Мамыр Жеңіс күні мерекелерінде жерлесіміз Б.Аманшиннің  «Жылама Дәмеш» қойылымы сахналанды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлер шығармашылығын дамыту мақсатында «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға аудан орталығы мен ауылдық окрутерден үміткерлер қатысты. Осы байқауға облыстық ардагерлер кеңесінен Г.Кадешова арнайы қатынасып, қазылық етті. Байқау соңында үздік шыққан өнерпаздарға облыстық кезеңге қатынасуға жолдама беріліп, сыйлықтар табыс етілді.

  рисунок

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай  алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары облыс, аудан әкімдерінің және басқарма мен бөлім басшылары атынан алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар мамыр айында елімізге танымал өнер иелері Айгүл Үлкенбаева мен Ақұштап Бақтыгереева аудан орталығына келіп жұршылықпен кездесіп, өнерлерін көрсетті.

  рисунок

  рисунок

1 Маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Кішкентай ханшайым» байқауы, «Балалар біздің болашағымыз» атты мерекелік концерттік бағдарлама және спорттық шара ұйымдастырылды.

рисунок

Маусым айында Атырау облысы Қызылқоға ауданында өткен аймақтық «Жігіт сұлтаны» байқауына аудан атынан Н.Исламғалиев қатынасып, «Парасатты жігіт» номинациясына ие болды. Сонымен қатар Атырау қаласында өткен И.Жақанов әндерін орындаушылардың халықаралық байқауына «Қаратөбе» триосы қатынасып келді. Аудан өнерпаздары көршілес облыстармен мәдени қарым-қатынасты нығайту мақсатында Ақтөбе облысы, Әлия ауданына гастрольдік сапармен барып қайтты.

рисунок