1. «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында партияның аудандағы бастауыш ұйымдары төрағалары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, жастар бірлестіктері жетекшілері дөңгелек үстелде бас қосып «Нұр Отан» ХДП-ның «Нұр Отан, Нұрлы болашақ» атты жаңа саяси доктринасының жобасын талқылады.

2. Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХҮ съезінің шешімдерін жүзеге асырудағы аудандық филиалдың міндеттерін айқындау мақсатында саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

3. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауданымызда шаруа қожалықтары мен дөңгелек үстел ұйымдастырды.Дөңгелек үстелде шаруа қожалықтары және бизнесті жаңа бастаушы кәсіпкерлерді несиелендіру жұмыстары және атқарылған істері талқыланды.

4. Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын түсіндіру және іске асыру мақсатында аудан активінің жиналысы оздырылды.Аудан активінің жиналысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдер мен мекемелер басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ардагерлер және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардаң, бұқаралақ ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

5. Елбасының биылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халыққа насихаттап түсіндіру мақсатында түрлі деңгейдегі насихатшы топ құрылған болатын.Ақпанның үшінші жұлдызында аудан активінен құрылған насихатшы топ өкілдері Жолдауда көрсетілген  басым бағыттарды насихаттау мақсатында Қоскөл ауылдық округінде және округке қарасты Шалғын елді мекенінде ауыл тұрғындарына жиын өткізіп қайтты.

6. Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебінің ұжымы Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде , бір болашақ» атты Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша арнайы кездесу өткізді.Осы мақсатта «Біз жолдауды қолдаймыз» тақырыбында онкүндік іс-шара жоспары жасақталынды.

7. Елбасының биылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты «Нұр отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының орынбасары Еркінбек Жәнібеков, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетовтер  жолдауда айтылған мәселелерге орай өз пікірлерін айтты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

 рисунок