ЖОБА

 

Қаратөбе аудандық мәслихатының

2013 жылғы 24  желтоқсандағы № 19-13

«Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек

көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу

және мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындау

қағидасын бекіту туралы» шешіміне

толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»

мәслихат шешімінің жобасы

  

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы  №504  «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №28-2 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3416 тіркелген, 2014 жылғы 24  қаңтардағы «Қаратөбе өңірі» газетінде  жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

 

көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

 

 8 - тармақ  мынадай мазмұндағы 4 - тармақшамен толықтырылсын:

 

«4) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға айлық есепттік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде.»

 

9 - тармақтың 1,6,7 тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

 

«1) онкологиялық ауруларына, туберкулез ауруларына аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде.»;

 

«6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілгендерге,  Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған және 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен және медальдарымен наградталмаған адамдарға санаторлық -курорттық ем алуы үшін, табысын есепке алмай 31 АЕК мөлшерінде;

 

«7) гемодиализдегі 1 топ мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;».

 

2. Қаратөбе аудандық мәслихатының аппарат басшысы Ж.Жангазиев осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде  орналасуын қамтамасыз етсін.

 

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрғасы                                      __._______  

Мәслихат хатшысы                              __._______   

            «КЕЛIСIЛГEH»

       Батыс Қазақстан облысы

       әкімінің орынбасары      

       М. Тоқжанов

       2016 жылғы «___» __________           

 

 

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24  желтоқсандағы №19-13 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» жобасына анықтама-негіздеме

Р/с

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

«Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйіне отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы                    28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің                       2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Әлеуметтік көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда белгіленетін әлеуметтік көмек мөлшерін, облыстың жергілікті атқарушы органдарымен келісе отырып бірдей мөлшерде бекіту қажеттілігі

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі №2-3  «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-13 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Әділет басқармасында 2016 жылғы 5 мамырда №4384 мемлекеттік реестрде тіркелген, «Қаратөбе өңірі» газетінде 2016 жылы 20 мамырда №20 жарияланған) шешімі;

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып,олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

БҚО әкімінің орынбасары М.Тоқжановтың 14.04.2016 жылғы №01-04/56 хаты

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық ақпаратқұралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Жоқ

8.1

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9

Сараптамалық қортындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

 

 

 

 

Бөлім басшысы                            Б.Жүсіпқали