ЖОБА

 

 

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды,

сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан

босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік

жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының

түлектері болып табылатын жастар қатарындағы

азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Заңдарын басшылыққа алып, жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сонымен қатар ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сонымен қатар ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 шілдедегі №142 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3332 тіркелген, 2013 жылғы 16 тамыздағы «Қаратөбе өңірі» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ж.Сұлтан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                           А. Шахаров

 

Қаратөбе ауданы әкімдігінің  «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»  қаулысына анықтама негіздеме.

Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қаратөбе ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі

 

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, норматив тік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»  2016 жылғы 06 сәуірдегі  №482-V  Заңының  7-бабы,

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік жағынан қорғау олардың жұмыспен қамтылуы заң талаптарына сай болуын көздейді

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған норматив тік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп  танылғаны туралы мәліметтер

 

5

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған норматив тік құқықтық актілер туралы

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудна әкімінің 2013 жылғы 19 ілдедегі №142 қаулысы

6

Осы  нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті  бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме (республикалық, жергілікті кірістерін қысқартуды немесе шығындарын ұлғайтуды көздейді ме)

 

7

Нормативтік құқықтық актіні  мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

 

8

Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық апарат құралдарында,Интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғамайды

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс(жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын актілері үшін)

Мәлімет жоқ

 

Аудан әкімі                           А.Шахаров