ЖОБА

Қаратөбе ауданында ауыр жұмыстарды,

еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс

орындарын есептемегенде мүгедектер

үшін квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы,«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қаратөбе ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. «Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21ақпандағы №41 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-9-117 тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірдегі «Қаратөбе өңірі» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ж.Сұлтан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Өмірзақовқа жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                           А.Шахаров