Бұл туралы аудан әкімі  Ж.Асанатаевтың 2018 жылғы аудан бойынша атқырылған жұмыстар туралы аудан тұрғындары алдындығы есебінде айтып өтті. Есеп беру жиынына облыс басшысының бірінші орынбасары Ғали Есқалиев қатысуда.

Бәрімізге белгілі, ауданымыз газбен 100% қамтылған, сонымен қатар өткен 2018 жылы әлеуметтік нысандарды газдандыру жобасы аяқталып, аудан бойынша әлеуметтік нысандардың барлығы 100 % көгілдір отын жүйесіне қосылды. 

Елбасының Жолдауда айтылған ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сай, өткен 2018 жылдың тамыз айында жоба құны 915 миллион теңгені құрайтын «Қаратөбе су қоры көзіненҮшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау құрылысы» нысаны аяқталып, Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл, Үшана елді мекендеріне ауыз су жеткізілді. Осының нәтижесінде қазіргі таңда ауданымыздың 22 елді-мекенінің 12 елді-мекені немесе аудан халқының 91,3% таза ауыз сумен қамтылды, - деді аудан басшысы өз сөзінде.