9 қаңтар күні Қаратөбе ауданында аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс XXVI cеccиясы оздырылды.

Аудандық мәслихаттың депутаты Гүлмира Тілеуғалиева төрағалық еткен кезектен тыс сессияның күн тәртібінде «Аудандық сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиевтің хабарламасы тыңдалды.

Хабарламашы Ж.Жанғазиев аудандық сайлау комиссиясының және 19 учаскелік сайлау комиссияларының құрамын таныстырып, аудандық мәслихат депутаттарының назарына ұсынды. Дауысқа қойылған аталмыш мәселені халық қалаулылары бір ауыздан мақұлдады.

– Бес жылда 1 рет ауыстырылып отырылатын комиссия құрамын қалыптастыру бағытында қаралып отырған күн тәртібіндегі мәселеге байланысты белсенділік танытқандарыңызға ризашылығымды білдіремін. Жаңа жылдағы қызметтерің сәтті болсын, - деді сессияда сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы.