Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауындағы тапсырмасына сай бұқаралық спортты насихаттау мақсатында Шыңғырлау ауданынан бастау алған эстафета 8 қаңтар күні Қаратөбе ауданында оздырылды. Шараға аудан әкімі Жанат Асылханұлы мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты. Қаратөбе ауданы бұл эстафетаны Сырым ауданына жолдады.