29 желтоқсан күні Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың төрағалығымен аудан активінің жиналысы оздырылды. 

Аудан басшысы Жанат Асылханұлы жыл қорытындысына сай ағымдағы жылда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Жыл қорытындысына сай баршамыздың бірлесе атқарған жұмыстарымыз өз нәтижесін беріп отыр. Келер жылы да осындай баянды бірлікте жұмыс атқаратындығымызға сенімдімін, деген аудан басшысы актив жиналысы барысында елеулі қызметімен көрінген Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқановқа, Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиевке, Қаракөл ауылдық округінің әкімі Нұржан Сахиповқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хатын табыстады. 

Бір топ мекеме басшылары аудан басшысының алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Венера Елеусінова, «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тінәлиев, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Есен Ғұмаров бар. 

Жиналыс барысында сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев жыл ішінде ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, марапатқа ие болған ауыл әкімдері мен мекеме басшыларын еңбектегі жетістіктерімен құттықтады.