9 қазан күні  Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың  алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс ХХІІ сессиясы оздырылды. Сессия жұмысына  аудандық мәслихат хатшысы,  №11 Шөптікөл сайлау округінен депутат Қадыржан Сүйеуғалиев төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіндегі «Қаратөбе аудандық мәслихатының  2017 жылғы  20 желтоқсандағы  № 15-12 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы » шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың,  «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 тамыздағы «Қаратөбе ауданының 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы» №21-6 шешімін жою туралы, «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №16-3 Қаратөбе бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы», «Аудан әкімдігінің құрамына өзгеріс енгізу туралы»  аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиевтің  хабарламалары тыңдалып, хабарламалар  бойынша  ұсыныстарды халық қалаулылары бір ауыздан қолдады. Хабарламашы Б.Базарұлы аудан орталығындағы Төлеген Жұмақаев атындағы көшеге жарықшамдар орнатуға,  аудандағы 10 әлеуметтік нысанды көгілдір отынға қосуға, жаңартылған білім жүйесімен жұмыстанып жүрген мұғалімдер үшін қосымша қаржы,  10 әлеуметтік нысанның жылу жүйесін газға қосуға байланысты  жылыту жүйесінің операторларының еңбекақысына, алда өтетін халық санағына және көше атауларын қазақша атауға айналдыру жұмыстарына, Сулыкөл ауылын жарықтандыруға, сақтандыру қорына қаражат қаралғандығын айтты. Сессияға аудан басшысы Жанат Асылханұлы, аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Тоғызбаев,  ауылдық округтер әкімдері, құқық қорғау салаларының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.