16 мыңнан астам халқы бар Қаратөбе  ауданында алтын құрсақты аналар қатары артып келеді. Аудан бойынша қазір күні 219 «Алтын алқа», 234 «Күміс алқа» иегерлері бар. Бүгін олардың қатары тағы да толықты. 

Елбасы Жарлығымен аудандағы көп балалы Қоскөл ауылының тұрғыны Күлайман Жаметова мен Бесоба ауылының тұрғыны Гүлжанат Тағыберлинаға «Күміс алқа» табыс етілді. Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқаны үшін ақ жаулықты аналарды аудан әкімі Жанат Асантаев қабылдап, алқаларын табыс етті.

Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Осы орайда сіздерді Отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер, — деді құттықтау сөзінде аудан басшысы Ж.Асылханұлы. Қабылдау барысында ақ жарма тілектер айтылып, көп балалы аналар мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын айтты.